
А.ж. 16 ақпанда Қызылжар ауданы білім беру нысандарының қызметкерлеріне арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Гүлмира Жамабайқызы Садырова қатысып, қолданыстағы заңнама талаптарын және мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен пайдалану тәртібін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарын ресімдеу кезіндегі талаптар талқыланып, қатысушылардың барлық сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің ұлттық бірегейлігі мен Тәуелсіздігінің айқын белгісі. Оларды құрметтеу және талапқа сай пайдалану – әрбір мекеменің және әр азаматтың міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1170094?lang=kk

Жауап қалдыру