
РКШУ-2026, Алматы қаласы: 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша оқу-жаттығудың екінші күнінің қорытындысы
Оқу-жаттығу аясында жалпы ұзындығы 20 шақырымнан астам өзен арналары, 50 шақырымнан астам арық желілері тазартылып, 3 мың м³-тен астам қар, мұз қатпарлары және қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Қала бойынша практикалық іс-шараларға шамамен 350 адам және 110-нан астам техника бірлігі қатысты.
Ағымдағы жылы қаладағы командалық-штабтық оқу-жаттығулар ықтимал жағдайды болжауға, күштер мен құралдардың дайындығын тексеруге, алдын алу іс-шараларын жүргізуге және халықты оқытуға бағытталған бірыңғай кешенді тапсырма форматында жоспарланып, өткізілуде.
Осылайша, 25.02.2026 жылы РКШУ-дың бірінші күні келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
ТЖД базасында қалалық жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды;
қала аумағындағы ықтимал жағдайдың даму болжамы жасалды;
басқару органдары, байланыс жүйесі дайындыққа келтіріліп, халықты құлақтандыру жүйесі іске қосылды;
су тасқынына ден қоюға арналған күштер мен құралдар топтамасы дайындыққа келтірілді. Аталған топтар дабыл бойынша көтеріліп, олардың дайындығы тексеріліп, жұмыс жүргізу орындарына марш ұйымдастырылды;
Әуежай көлінде су сору техникасына тексеру жүргізілді: барлығы жылжымалы сорғы станциясы (ПНС), тасымалды мотопомпа және жоғары өнімді тіркемелі мотопомпа;
5 әлеуметтік нысанға қарды тазалау және аумақтан шығару бойынша көмек көрсетілді (1000 м³ қар шығарылды). Сонымен қатар арық желілерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
РКШУ-дың екінші күні, 26.02.2026 жылы, келесі жұмыстар атқарылды:
ТЖ алдын алу басқармасы жүргізген ықтимал жағдайды талдау негізінде қаланың әр ауданында қауіпті учаскелер айқындалды;
су басу қаупі бар аудандарда зардап шеккен халықты қабылдау пункттері, медициналық және психологиялық көмек көрсетуге арналған далалық пункттер, сондай-ақ тамақтандыру пункттері ұйымдастырылды. Қауіпті аймақтардан халықты эвакуациялау элементтері пысықталды;
мектептерде 10–11 сынып оқушыларын су тасқыны, су басу жағдайларындағы іс-қимылдарға оқыту жұмыстары жүргізілді, жалпы қамту саны 3200 адамды құрады;
қаланың 8 ауданында Үлкен Алматы, Есентай, Қарғалы, Кіші Қарасу өзендерінің арналары мен арық желілерін қардан, мұздан және қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы оқу-жаттығу аясында 20 шақырымнан астам өзен арналары, 50 шақырымнан астам арық желілері тазартылып, 3 мың м³-тен астам қар, мұз және қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Қала бойынша практикалық іс-шараларға шамамен 350 адам және 110-нан астам техника бірлігі жұмылдырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1170555?lang=kk

Жауап қалдыру