Самарқанд қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығында қазақстандық магистранттармен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 ақпанда Самарқанд қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ғимаратында грант негізінде «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде білім алып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтары — магистранттармен кездесу өтті.

         Іс-шара 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылды.

         Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен конституциялық реформаның мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ Негізгі заңның жаңа редакциясында ұсынылған негізгі өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

         Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртуға, өкілді институттардың рөлін күшейтуге және мемлекеттік биліктің есептілік тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси моделін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

         Кездесу ашық диалог форматында өтті. Магистранттар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұнына, олардың елдің саяси жүйесінің дамуына және мемлекеттің одан арғы дамуына ықпалына қатысты сұрақтарын қойды. Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов жан-жақты жауап беріп, жастардың белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтті.

         Сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында референдум күні Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі жанынан (Ташкент қ.) сайлау учаскесі ашылатыны туралы ақпарат берілді. Бұл азаматтардың орналасқан жеріне қарамастан дауыс беруге қатысуына тең мүмкіндіктер жасап, Қазақстан азаматтарына өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1170586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді