
2026 жылғы 26 ақпан күні сағат 11:00-де Шардара ауданында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Іс-шара аясында мекемелердің жауапты қызметкерлері қажетті техникасымен, құрал-жабдықтарымен және жеке құрамымен бірге белгіленген уақытта Шардара әуежайына жиналып, жоғары дайындықтарын көрсетті.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы іс-қимылдар пысықталып, қызметтердің өзара үйлесімді жұмысы тексерілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Қаратунов пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Сатбаев қатысып, жедел жасақтардың дайындығын, арнайы техникалардың әзірлігін және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін бағалады.
Жаттығу қорытындысында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, дайындықты одан әрі жетілдіру бойынша міндеттер айқындалды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1170584?lang=kk

Жауап қалдыру