
Жаңасемей ауданы бойынша өңірлік коалиция штабының мүшелері еліміздің стратегиялық маңызы бар нысандарының бірі – Шүлбі гидроэлектростанциясының ұжымымен кездесті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына штаб мүшелері Еркен Сағандықов пен Ермек Әбілмәжінов қатысты.
Кездесу барысында алдағы республикалық референдумның негізгі бағыттары мен Ата Заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды. Коалиция мүшелері мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, соның ішінде Вице-президент институтын енгізу және азаматтардың әлеуметтік құқықтарын нығайту мәселелеріне тоқталды.
Шүлбі ГЭС-інің қызметкерлері реформалардың энергетика саласы мен өндірістік аймақтардың дамуына тигізер әсері туралы сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Еркен Сағандықов пен Ермек Әбілмәжінов қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, жаңартылған Конституция тұрақтылық пен әділдіктің кепілі екенін атап өтті.
Гидроэлектростанция ұжымы алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсінетіндіктерін білдірді. Энергетиктер мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтындарын және ел болашағы үшін өздерінің саналы таңдауын жасауға дайын екендіктерін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1170474?lang=kk

Жауап қалдыру