
Қызылша — ауа-тамшы жолы арқылы берілетін, қызбамен, катаральды синдроммен, сондай-ақ тері жабындарын тән зақымдануымен сипатталатын жедел вирустық ауру.
Инфекция көзі — науқас адам, оның ішінде аурудың жасырын симптомсыз түрімен ауыратындар да жатады.
Қызылша вирусы жөтелгенде, түшкіргенде, тығыз жеке қарым-қатынас кезінде немесе мұрын-жұтқыншақтан бөлінетін жұқпалы бөлінділермен тікелей байланыс арқылы таралады.
Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда.
Жыл басынан бері облыста қызылшаның зертханалық расталған 15 жағдайы тіркелді. (салыстыру үшін: 2025 жылы 26 жағдай тіркелді, бұл 42% төмендегенін көрсетеді).
Аумақтық тиістілігі бойынша 6жғ.немесе 40% Петропавл қаласында тіркелген, 2 жағдайдан Ақжар, Мамлют, Уәлиханов аудандарында және 1 жағдайдан Қызылжар, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда тіркелген.
Жас құрылымы бойынша науқастардың ең көп саны 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді – 60% немесе 9 жағдайды құрайды.
Қызылшамен ауыратындардың 94%-да осы инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсы болмаған.
Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2026 жылғы 19 ақпанда қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралар туралы Қаулыға қол қойды.
Қаулы шеңберінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинациялауды кеңейту көзделген.
Қосымша иммундау: 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалар арасында — жағдай тұрақтанғанға дейін жүргізіледі, облыста жылдың басынан бастап осы жас тобында 232 адам егілді;
ҚР Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2 жастан 5 жасқа дейінгі және 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында;
облыста толықтыра және тазартатын иммундау аясында 119 бала егілді;
егілгені туралы деректері жоқ 30 жасқа дейінгі егілмеген денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері мен қызметшілері арасында жүргізілуде.
Балаларды жоспарлы емдеуге жатқызуға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды қоспағанда, балаларды емдеуге жатқызу алдында кемінде 21 күн жүргізілген қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация болған кезде балаларды жоспарлы түрде стационарларға жатқызылады.
Білім беру ұйымдарына ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін балалардың кемінде 90% – екпелермен қамтуды қамтамасыз ету ұсынылды.
Мектептер мен балабақшаларда аурудың белгілерін анықтау үшін «таңертеңгі сүзгі» жүргізілуі керек. Қызылша жағдайларын тіркеу кезінде екпе алмаған балаларды уақытша шеттету көзделген. Сонымен қатар, ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.
Қызылша вирусы өте құбылмалы. Вирус ауада немесе жұқтырған беттерде 2 сағат бойы белсенді және жұқпалы болып қала береді. Ол тек бір бөлмеде ғана емес, сонымен қатар төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа, дәліздер мен жалпы баспалдақтар арқылы желдету шахталары арқылы таралуы мүмкін.
Қызылшадан кейін иммунитет төмендеуі мүмкін, бұл асқынулардың дамуына және созылмалы аурулардың өршуіне негіз болады.
Қызылшадан кейін келесі асқынулар: пневмония, көбінесе екі жасқа дейінгі балаларда бронхиолиттер (ұсақ бронхтардың қабынуы), плевриттер (плевраның қабынуы), отит пайда болуы мүмкін. Ең ауыр – орталық жүйке жүйесінің асқынуы, атап айтқанда менингит және менингоэнцефалит.Олар ауыр өтеді және жиі өліммен аяқталады.
Балаларды және барлық ересектерді қызылшадан қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес алғашқы жоспарлы егу 12-15 айда, эпидемиялық паротит пен қызамықтан қоса қорғайтын аралас қайта вакциналау аясында 6 жаста қайта егілу керек. Екпені тіркелген жері бойынша емханада тегін алуға болады.
Көп жылдық тәжірибе егу жиілігі мен егу аралықтарын сақтау қажеттілігін растайды. Осы шарттарды ескерсек, ағзаның қызылша ауруына қарсы жеткілікті иммунитет қалыптасады.
Құрметті ата-аналар, балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Балаңыздың екпені уақтылы алуына және еліміздің дені сау азаматы болып өсуіне көмектесіңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1170182?lang=kk

Жауап қалдыру