
Вирусты А гепатиті – А гепатиті вирусы тудыратын бауырдың жедел вирустық ауруы. Инфекция көзі – науқас адам. А гепатит вирусы физикалық және химиялық факторларға төзімді болып келеді, қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады.
Вирусты А гепатитының берілу механизмі – фекальды-оральды, су, тағам және тұрмыстық жолдар арқылы жүзеге асады. Вирусты жұқтыру ластанған тамақ өнімдері мен суды тұтыну кезінде немесе жұқтырылған адаммен тікелей байланыста болғанда, ластанған су айдындарында шомылғанда, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтамағанда болады.
Ауру көбінесе жеңіл түрде өтеді, сарғаюлы немесе сарғаюсыз формада болады. Клиникалық белгілері интоксикация синдромы, тұмау тәріздес көріністер, диспепсиялық бұзылулар, тері мен аққабықтың сарғаюымен сипатталады.
Вирусты А гепатитінің инкубациялық кезеңі 7 куннен 50 күнге дейін (орташа 35 күн) созылады. Вирусты А гепатитімен барлық жастағы адамдар ауырады, бірақ көбінесе егілмеген балалар жиі жұқтырады.
2026 жылғы қаңтар айында 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші – 0,29, ал 2025 жылғы сәйкес кезеңде – 0,68 құрады, аурушаңдық 2,3 есе төмендеді. Ауру көбінесе ересектер арасында тіркеледі (57,1%), 14 жасқа дейінгі балалар – 42,8%.
Вирустық А гепатитінің ең тиімді алдын алу әдісі – вакцинация. Гепатит А-ға қарсы жоспарлы вакцинация 2 жастағы балаларға және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша науқаспен қарым-қатынаста болған бұрын жоспарлы түрде егілмеген 14 жасқа дейінгі балаларға тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.
Сонымен қатар вирусты А гепатитінің жеңіл алдын-алу шараларын орындау керек:
– жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау: тамақтан бұрын, дәретханадан кейін, жұмыстан және серуеннен кейін қолды сабынмен жуу;
– ішуге тек қайнатылған немесе бөтелдегі суды қолдану;
– шомылу кезінде судың ауызға түсуін болдырмау;
– ыдыстар мен бөлмелердің тазалығын сақтау;
– дәретхана мен жуынатын бөлмеде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып тазалау жұмыстарын жүргізу;
– науқас балаларды бала-бақшаға және мектепке апармау;
– смартфон және басқа гаджеттерді антисептикпен үнемі өңдеу.
Осы ережелер мен ұсыныстардың сақтау вирусты А гепатитінен қорғайды. Вирусты А гепатитінің белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, өзін-өзі емдеумен айналыспау керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1170191?lang=kk

Жауап қалдыру