Жамбыл облысында «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметі бойынша тарифі төмендетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2024-2025 жылдың қорытындысы бойынша «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 16) тармақшасы, яғни бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау талабының сақталмағандығын анықтады.

Осыған байланысты, Департаменттің 2026 жылғы 17 ақпандағы №4-НҚ бұйрығымен қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, «Жамбыл су» МКК-ның сарқынды суларды бұру қызметіне – 217 908,21 мың теңге негізсіз алынған табыс сомасына уақытша өтемдік тариф бекітіліп, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орташа-босату тарифі 40,49 теңгеден 28,01 теңгеге яғни 30,8% , 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін 48,68 теңгеден 36,20 теңгеге, яғни 1 жыл мерзімге 25,6%  төмендетілді.

Сонымен қатар, «Жамбыл су» МКК-на қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабы 4 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, айыппұлдар сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төленгеніне байланысты, іс қысқартылған іс жүргізу түрінде қаралды.

Қазіргі танда, жалпы сомасы 6 920 000 теңге әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Айыппұл сомасының 50%-ы жеті тәулік ішінде ерікті түрде төленуіне байланысты іс қолданыстағы заңнамаға сәйкес қысқартылған тәртіппен қаралды, төленген айыппұл сомасы мемлекеттік бюджет кірісіне аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1170042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді