
2026 жылғы 26 ақпанда Веселый Подол ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында Сарыкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен және жеке кәсіпкерлермен семинар өткізілді.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
- Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру;
- Арнайы салық режимін (АСР) өзгерту тәртібі мен шарттары;
- Сыра және сыра өнімдерін маркілеу ережелері;
- 2026 жылы жалпы декларациядан өту ерекшеліктері.
Семинар барысында мамандар заңнамадағы өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, салықтық формаларды толтыруға практикалық ұсыныстар берді. Қатысушылар салық есептілігі мен жаңа салық режимдеріне көшуге қатысты барлық сұрақтарына толық жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-veselopodal/press/news/details/1170281?lang=kk

Жауап қалдыру