
26.02.2026 жылы медициналық ұйымдардың ДКК төрағаларымен
мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Zoom-кеңес өткізілді:
«Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғау шараларын айқындау».
Кездесу барысында медициналық құжаттаманы дайындау сапасы, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау мерзімдерін сақтау, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі нысандарды дұрыс толтыру мәселелері қаралды.
Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге, құжаттарды қайтару санын азайтуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Біздің ортақ міндетіміз — облыс тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтің заңдылығын, объективтілігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Әріптестерге сындарлы диалог пен кәсіби жұмысы үшін алғыс білдіремін.
#МСЭ
#МемлекеттікҚызмет
#ӘлеуметтікҚорғау
#ДКК
#ШҚО

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1170482?lang=kk

Жауап қалдыру