
Кеңес ауылындағы №3 орта мектебінде Конституциялық реформаның маңызын түсіндіруге арналған ұжымдық кездесу өтті.
Жиын барысында алдағы референдумның тарихи маңызы, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы конституциялық өзгерістердің мәні мен мазмұны жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе білім саласына қатысты нормалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі мен әділет қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.
Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, ел дамуының стратегиялық бағдары.
Педагогтар қауымы өз кезегінде ұсыныстарын білдіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда ұстаздардың жауапкершілігі зор екенін жеткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар референдумға белсенді қатысу – әр азаматтың ел болашағына қосқан нақты үлесі екенін бірауыздан қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1171562?lang=kk

Жауап қалдыру