
Жиын кезінде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әкім тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, жер кезегі, тұрғын үй салуға берілетін жер учаскелері , көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндірме беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынатыны айтылды.Әсіресе, «Ауыл аманаты» жобасының шарттары мен мүмкіндіктері егжей-тегжейлі таныстырылды. Жоба аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие алу, өз кәсібін бастау және кеңейту мүмкіндіктері қарастырылғаны айтылды. Бұл бағдарлама ауыл экономикасын дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-kokzhazyk/press/news/details/1170845?lang=kk

Жауап қалдыру