2026 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 2026 жылғы қаңтар айындағы жұмыс қорытындыларын шығарды.

Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардан түскен 292 өтінішті қарады, оның ішінде 283 – еңбек қатынастары мәселелері бойынша, 9 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 39 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның барысында 34 бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

  • еңбек қатынастары бойынша – 32;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2.

Анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмыс берушілерге 22 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 2,9 млн. теңгеге 14 әкімшілік айыппұл салынды.

2026 жылғы қаңтар айында өндірісте 3 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде 1 топтық жазатайым оқиға. Өліммен аяқталған оқиғаларға жол берілген жоқ.

Департамент қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының бұзылуын болдырмау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1170955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді