5–6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың оқушылары жаңа жетістіктерге қол жеткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында аудан мектептерінің оқушылары өз білімдерін лайықты деңгейде көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жетістіктер қоржынында — 3 жүлделі орын. 📚✨
Олимпиада жүлдегерлері:

– № 1 Новоишим орта мектебінің 6-сынып оқушысы Назымбек Мирас — ағылшын тілі пәнінен II орын;
– № 2 Новоишим орта мектебінің 6-сынып оқушысы Кенжеболат Нариман — математика пәнінен III орын;
– Нежинка орта мектебінің 6-сынып оқушысы Нурканова Рамина — орыс тілі мен әдебиеті пәнінен II орын. 🏆
Жас зияткерлерімізді және олардың жетекші ұстаздарын лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Оқушыларға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар, биік белестерді бағындыруға сәттілік тілейміз! 🎉📖

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1171353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді