
✔️ 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір барлық негізгі салаларда экономикалық өсім көрсетті. 2026 жылдың қаңтар айының деректері бойынша оң динамика сақталуда:
• Өнеркәсіп — 7,7% өсім;
• Ауыл шаруашылығы — 5,8% өсім;
• Құрылыс — 35,1% өсім;
• Тұрғын үйді пайдалануға беру — 23,0% өсім;
• Сауда — 37,7% өсім;
• Көлік — 10,4% өсім.
«Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің инвестиция тартуға және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталуы қажет екенін ерекше атап өтті. Сол себепті 2026 жылға экономиканың өсуін кемінде 7%-ға жеткізу және негізгі салалардағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу міндеті қойылды»,- деді өңір басшысы.
✔️ Су тасқыны кезеңіне дайындыққа ерекше бақылауда. Қауіпті аймақта 112 елді мекен бар. Дайындық аясында жалпы ұзындығы 24,5 шақырым болатын 6 қорғаныс бөгеттерінің құрылысы пысықталуда.
✔️ Жедел әрекет ету үшін 2 223 құқық қорғау және жергілікті орган қызметкерлерінен құралған топ, 1 428 бірлік арнайы техника және инертті материал қоры жасақталған.
Отырыс барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов профилактикалық шаралады күшейту, дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтау және халықты тұрақты хабардар ету жөнінде тапсырмалар беріді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1170667?lang=kk

Жауап қалдыру