
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алғаш рет Микроқаржы секторын қадағалау саясатының 2026 жылға арналған негізгі басымдықтарын әзірледі. Құжат сектордың орнықтылығын қамтамасыз етуге, қадағалау процесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ реттеушілік әрекеттердің ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға бағытталған.
Ағымдағы жылы қадағалау ресурстары мынадай негізгі бағыттар бойынша шоғырландырылатын болады:
– микроқаржы ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды енгізу және оны қадағалау процесіне толыққанды ықпалдастыру;
– микроқаржы және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттеу институтын іс жүзінде іске асыру;
– нарық субъектілерінің бизнес-моделін және тәуекелдер бейінін ескере отырып, мөлшерлес реттеу қағидаттарын дамыту;
– микроқаржы ұйымдарының қызметінде жосықсыз тәжірибелердің алдын алуға бағытталған талаптарды енгізу;
– тұтынушылық микрокредит беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту;
– қадағалау процестерін цифрландыру және тәуекел-бейіндеудің талдамалық құралдарын дамыту;
– тәуекелдерге бейімділігің жоғары болуымен сипатталатын бағыттар бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу.
Қадағалау қызметі қызметінде тәуекелдер сәйкестендірілген субъектілерге, сондай-ақ халықтың борыш жүктемесінің деңгейіне ықпал етуге қабілетті жүйелік практикаларға назар аудара отырып, тәуекелге бағдарланған тәсілге негізделетін болады.
Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды енгізу арқылы жекелеген функцияларды өзін өзі реттейтін ұйымдарға бере отырып екі деңгейлі қадағалау жүйесін енгізу жөніндегі іс шаралар өткізілетін болады.
Қадағалау қызметіне іс-қимылды қадағалауды енгізу, микроқаржылық қызметті дамыту, микрокредиттер беру тәртібін жетілдіру және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мақсатында тиісті заңға тәуелді НҚА қабылданатын болады.
Микроқаржы секторын қадағалау саясатының негізгі басымдықтары Агенттіктің қадағалаудың кешенді моделін одан әрі жетілдіруге және орта және ұзақ мерзімді перспективада микроқаржы секторын теңгерімді дамытуға бағытталған жоспарларын түсінуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Құжаттың толық мәтіні Агенттіктің сайтында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1171701?lang=kk

Жауап қалдыру