
Бүгін Мойынқұм ауданы аумағында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған маңызды кездесу өтті. Іс-шара Айдарлы ауылында орналасқан №2 орта мектеп ұжымының қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары мен енгізіліп отырған жаңашылдықтары жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер конституциялық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді.
Іс-шараға арнайы келген спикерлер:
🔹 Рысбаева Сауле Макшановна
🔹 Қалымбетов Бақытжан Алдасүгірұлы
🔹 Аккозиев Рахман Сейілханович
🔹 Көшкімбаев Манарбек Өсербекұлы
Спикерлер өз баяндамаларында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мазмұнына жеке-жеке тоқталып, олардың қоғам өміріндегі рөлін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әсіресе білім беру саласы қызметкерлері үшін маңызды нормалар мен құқықтық кепілдіктерге назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Пікір алмасу барысында реформалардың практикалық маңызы мен олардың күнделікті өмірге ықпалы кеңінен талқыланды.
Мұндай мазмұнды кездесулер қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституциялық реформалардың мән-маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1170885?lang=kk

Жауап қалдыру