
Шымкент қаласында тұрғындарға құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Осы ретте «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжанат Баетова, консультант Жазира Салибаева, Адвокаттар алқасының адвокаты Бауыржан Мархабаев және Әділет департаментінің маманы Перизат Ермаханқызы қатысып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар түрлі құқықтық мәселелермен жүгінді. Олардың қатарында алаяқтардың арбауына түсіп, материалдық шығынға ұшыраған азаматтар, құжаттарын рәсімдей алмай жүргендер, сондай-ақ алимент өндіру мәселесі бойынша көмек сұраған тұрғындар болды.
Мамандар әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында нақты түсіндірмелер берді. Алаяқтық деректері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі түсіндіріліп, құжат рәсімдеу барысында кездесетін кедергілерді жою жолдары айтылды. Ал алимент өндіру мәселесі бойынша сот орындаушыларына жүгіну, атқарушылық іс жүргізу тәртібі және заңмен қарастырылған жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1170987?lang=kk

Жауап қалдыру