Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Ақпан 27, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбеде референдумды қолдауға арналған жастар фестивалі өтті

Жарияланды:

27/02/2026 17:43

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

 

Ақтөбеде Бөкенбай батыр көшесіндегі жаңадан ашылған «Анвар» гипермаркеті алдында референдумды қолдауға арналған жастар фестивалі ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен мерекелік кеш қала тұрғындарына саяси науқанды ақпараттық-түсіндіру форматында жалғасты.

Іс-шараны қала жастары ұйымдастырған. Сахнада оқу орындарының білім алушылары мен өнер ұжымдары өнер көрсетті. Жиналған қауымға облыстық коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Облыстық мәслихат депутаты Айгүл Нұркеева референдумды тарихи кезең деп атап өтті. Оның айтуынша, Конституция – мемлекеттің тірегі әрі болашақ ұрпақтың тағдырына әсер ететін басты құжат.

«Біз бүгін тарихи кезеңнің куәсі болып тұрмыз. Конституция — мемлекетіміздің тірегі, болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін басты құжат. Қабылданатын өзгерістер әділетті, прогрессивті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.  Баршаңызды референдумға келіп, дауыс беруге шақырамын. Болашағымыз үшін бірге шешім қабылдайық!», — деді облыстық мәслихат депупаты Айгүл Нұркеева. 

«Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық елдегі тұрақтылық пен реформалардың нәтижесіне тоқталды.

«Бұл өзгерістер — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті қоғам құруға және жастарды қолдауға бағытталған саясатының нәтижесі. Жаңа Конституция — жай құжат емес,  білімге, ғылымға және инновацияға ашылған кең жол. Бұл — әр жасқа берілген нақты мүмкіндік. Референдум — «Мен еліммен біргемін!» деп айтатын шешуші сәт.  15 наурыз — әр адам дауыс беру арқылы ел тарихын айқындайтын күн. Біз таңдау жасаймыз және болашақты бірге құрамыз!», — деді ол. 

Сондай-ақ «Анвар» сауда желісінің директоры Аслан Қайырғалиев те өз пікірін білдірді. Ол жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, еңбек құқықтары конституциялық деңгейде бекітілетінін алға тартты.

Қаламызда іргелі нысандардың бой көтеруі Президенттің кәсіпкерлікті қолдау саясатының тікелей  жемісі деп айта аламын. Әр адамның құқығы мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітіліп отыр. Әр адам сапалы еңбекпен, өзі қалаған кәсіп түрімен айналысуға құқылы. Елдік мүдде мен жарқын болашақ үшін барша ақтөбелікті жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын! Еліміз аман, кәсібіміз берекелі болсын!», — деді Аслан Қайырғалиев. 

Айта кетейік, республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty/press/news/details/1171528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді
Next: Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді→


200News

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Go to mobile version