Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. С. Мейірханның төрағалығымен қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы әкімінің орынбасары  Е.С. Мейрханның төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыста қаладағы еңбек дауларының жай-күйі мен динамикасы, еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы коммуникацияны дамыту, сондай-ақ жанжалдық жағдайларды уақтылы анықтау және олардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тараптарға тапсырмалар берілді.

Әлеуметтік-еңбек саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және ашық диалогты дамыту жұмыстары жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1171156?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді