«Асыл-шәкірт» жеке меншік балабақшасында аудандық дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып, бүгін, 26 ақпан күні «Асыл-шәкірт» жеке меншік балабақшасында аудандық дөңгелек үстел өтті.

Тақырыбы: «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі»
Мақсаты: білім беру процесінің сапасын арттыру, педагогтің кәсіби мәртебесін қорғау және оның құқықтық сауаттылығын жетілдіру арқылы білім алушылардың мүддесі үшін заңнамалық нормаларды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.

Аудандық шараға «Еркеназ» бөбекжайы, «Балдырған» бөбекжайы, «Еркетай» бөбекжайы, Тана мырза орта мектебі, Көктубек мектеп-бөбекжай кешенінің әдіскерлері, психологтары және тәрбиешілері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында педагогтар 3 топқа бөлініп, «Құқық», «Әдеп» және «Тәртіп» тұжырымдамалары аясында өз пікірлерін ортаға салып, кәсіби білімдерін кеңейтті. Білікті мамандар тәжірибелерін бөлісті.

Аудандық білім бөлімі әдіскері Қ. Рахимбаева қорытынды сөзінде мектепке дейінгі мекемелерде педагогтардың әдепті, тәртіпті, өз құқығын білетін маман болуы маңызды екенін атап өтті.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат
#АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат
#Абай180жыл_Абай_облысы_Ақсуат
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1171419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді