
Қаспан ауылдық округі бойынша әкімдік мамандары және ветеринариялық қызмет өкілдері бірлесіп, округ аумағында иттерді ұстау тәртібі мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары, оның ішінде иттерді еркін жіберуге және бақылаусыз ұстауға жол берілмейтіні түсіндірілді.
Сондай-ақ белгіленген қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы ақпарат жеткізілді.
Жүргізілген жұмыс округ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kaspan/press/news/details/1170926?lang=kk

Жауап қалдыру