
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың 26 ақпанында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманымен консультациялық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Қоғамдық бірлестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны түрінде үкіметтік емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша құқықтық, практикалық және кеңес беру көмегі көрсетілді.
Кеңес беру барысында заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы, «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР заңдарының талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Барлық қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1170682?lang=kk

Жауап қалдыру