
2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптары бойынша оқыту жиналысы өткізілді.
Жиынды Департамент басшысының міндетін атқарушы Ж.А. Жақсылық ашып, сапа менеджменті жүйесін енгізу және жетілдіру жұмыстары Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
СМЖ бойынша жауапты маман Г.Ж. Азирова:
▫️ СМЖ енгізу және жүргізу тәртібі
▫️ Ішкі аудит өткізу қағидаттары
▫️ «Сапа жөніндегі нұсқаулық» талаптары
▫️ Сапа саласындағы саясат
▫️ Сапа мақсаттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқыту барысында сапа көрсеткіштеріне қол жеткізу, қызмет тиімділігін арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару мәселелері талқыланды.
Сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу және тиімді жүргізу – қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың нарыққа жіберілуін қамтамасыз ету арқылы Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық рәсімдік, атқарушылық және қадағалау функцияларын дамыту, инновациялық тәсілдер негізінде тиімді мемлекеттік орган қалыптастыру және сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жетілдіру көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1171662?lang=kk

Жауап қалдыру