
Департаменттің лицензиялау бөлімі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне лицензияға қосымша берілгенге дейін рұқсаттық бақылау жүргізді.
Колледж «01130300 Жеке сүйемелдеуді ұйымдастыру (деңгейлері бойынша)», «01130100 Логопедия» мамандықтары бойынша білікті кадрлар даярлауды жоспарлап отыр.
Колледж оқу процесін жүзеге асыру үшін тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алды, кабинеттер мен зертханалар заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандырылды, арнайы пәндер оқытушылары білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1171489?lang=kk

Жауап қалдыру