Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігі өкілдерімен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері мен Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімнің нормаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы өзбек әріптестерін 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы туралы хабардар етті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және алдағы Саммит аясында белсенді өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1171497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді