
«EsepTime» интенсиві: педагогтерді аттестацияға даярлаудың тиімді алаңы
2026 жылғы 26 ақпанда №52 ЖОББМ базасында математика және физика пәндері мұғалімдеріне арналған «EsepTime» (Есеп тайм) интенсиві ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтерді аттестацияға жүйелі даярлау, ПББ (педагогтердің білімін бағалау) тапсырмаларын талдау арқылы пәндік және әдістемелік құзыреттілікті арттыру. Интенсив барысында қатысушылар ПББ форматындағы есептерді жан-жақты саралап, оларды шешу алгоритмдерін, кездесетін негізгі қиындықтарды және тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады.
Шараның маңызды бөлігі – мұғалімдер арасындағы кәсіби тәжірибе алмасу алаңының қалыптасуы болды. Педагогтер күрделі тапсырмалардағы типтік қателіктерді бірлесіп талдап, есептерді кезең-кезеңімен түсіндірудің тиімді жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар, интенсив облыстың басқа білім беру ұйымдарының педагогтері үшін онлайн форматта тікелей трансляция арқылы көрсетілді.
Практикалық бағыттағы мазмұнды жұмыс пен кәсіби диалог педагогтердің аттестация тапсырмаларын оқу үдерісіне тиімді кіріктіру дағдыларын жетілдіруге және білім сапасын арттыруға оң ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1170830?lang=kk

Жауап қалдыру