«Картадан құзыреттілікке: география сабақтарындағы қорытынды аттестаттау, PISA және ББЖМ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Картадан құзыреттілікке: география сабақтарындағы
қорытынды аттестаттау, PISA және ББЖМ»
география пәні мұғалімдеріне арналған вебинар
2026 жылдың 27 ақпанында облыстық әдістемелік бірлестік жұмыс жоспарына сәйкес география пәні мұғалімдеріне арналған «Картадан құзыреттілікке: география сабақтарындағы қорытынды аттестаттау, PISA және ББЖМ тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді.
Вебинардың мақсаты – география мұғалімдеріне кәсіби тәжірибесін жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету және географиялық картамен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін меңгеру арқылы оқушылардың географиялық компетенцияларын қалыптастыру, сонымен қатар қорытынды аттестаттау, PISA және талаптарын ББЖМ ескеру.
Вебинар аясында қорытынды аттестаттау, PISA және ББЖМ құралдарын пайдалана отырып географияны оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Қатысушылар сабақ барысында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру әдістемелерімен, карталармен және геоақпараттық ресурстармен жұмыс істеудің практикалық құралдарымен, сондай-ақ оқушылардың интерактивті жұмысын тиімді ұйымдастыруға және бағалаудың заманауи форматтарына дайындауға мүмкіндік беретін Setera, Noobuk.lm.com және EdooX.com білім беру платформаларының мүмкіндіктерімен танысты.
Іс-шара кәсіби диалог, тәжірибе мен идея алмасу алаңына айналып, оқушыларды қазіргі бағалау форматтарына дайындаудың тиімді стратегияларын іздеуге мүмкіндік берді.
Вебинарға белсенді қатысып, қызығушылық танытқандары және география сабақтарында заманауи әдістерді қолдануға дайын болған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1171642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді