
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылдың 06 наурыз күні сағат 10:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Абай ауылы әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Біртілек ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- «Келес аудандық ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКМ басшысының бір жылда атқарған жұмыстары туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Н.Шаулиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1171520?lang=kk

Жауап қалдыру