Кезектен тыс сессия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының отыз төртінші кезектен тыс сессиясы өтті, оның барысында депутаттар жеті мәселені қарады.

Сессияда Солтүстік Қазақстан облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесі қаралды. Облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов депутаттарды бюджеттік шығыстарды оңтайландыруға және басым бағыттарды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, шешім жобасымен таныстырды.

Сондай-ақ сессияда Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы шешімге өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, жаңа тағайындауларға байланысты облыс әкімдігі жанынан құрылған бірқатар комиссиялардың дербес құрамдары жаңартылды.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала талқыланды.

Сессия қорытындысы бойынша барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1171457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді