Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Үшкөмей ауылында карантин белгілеу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 60-қбп ұсынысы негізінде, Тассай ауылдық округі әкімі  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Көкпекті ауданының Тассай ауылдық округінің Үшкөмей ауылының аумағын мүйізді  ірі қара малдарының қарасан ауруынан қолайсыз деп есептеп,    қарасан ауруына қарсы ветеринарлық – санитарлық  іс – шараларды жүргізу  және  ошақты жою үшін карантин белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.
  3. Осы шешім қол қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Ауылдық округ  әкімі                                                                         Е. Мазыбаев

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-tassay/press/news/details/1170900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді