Мойынқұм ауылдық округінде жаңа Конституция жобасы бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында Бекболат Орынбеков Мойынқұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға ауыл ақсақалдары, жастар, мекеме қызметкерлері және белсенді тұрғындар қатысып, ел дамуы үшін маңызды құжаттың мазмұнын талқылады.

Кездесу барысында депутат Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту бағытындағы бастамалар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ұсынылып отырған реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, құқықтық жүйенің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, әр мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыру, әлеуметтік қолдау шаралары және жергілікті басқару жүйесіне қатысты тақырыптар төңірегінде мазмұнды пікір алмасу болды.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Тулеулиев те қатысып, жаңа Конституция жобасының стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Ол реформалардың қоғам өміріндегі рөлін атап өтіп, жергілікті деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Мойынқұм ауылдық округінің тұрғындары жиынға белсенді қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Ашық әрі мазмұнды өткен кездесу қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, конституциялық реформалардың мән-маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Алдағы уақытта да жаңа Конституция жобасын кеңінен түсіндіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1170908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді