Отбасы құндылықтары – Ата Заңның басты бағдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәдімар ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториясында ұжыммен кездесу өтіп, жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Басқосу барысында құжаттағы отбасы институтын нығайтуға бағытталған құқықтық тетіктерге ерекше назар аударылды.

Жиында жаңа Конституция жобасында неке – ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалатыны атап өтілді. Сонымен қатар отбасы институтын мемлекеттік қорғау қағидаты нақты бекітіліп, оның қоғамдағы орны мен маңызына басымдық берілгені айтылды.

Қатысушылар ана, әке және бала құқығын қорғау мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Құжатта ата-аналардың балаға қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу тек құқық қана емес, міндет екені нақты көрсетілгені сөз болды. Бұл қағида баланың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды норма ретінде бағаланды.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау мәселелерін көтерді. Еркін форматта өткен жиында қатысушылар жаңа Ата Заң жобасының әлеуметтік бағыттылығы мен адам мүддесін қорғауға басымдық беретін сипатын қолдайтындықтарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1171533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді