
Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Қарағанды қаласы әкімінің аппараты өкілдері және «TopDez» жеке кәсіпкерлігінің мамандары қатысты.
Басқарма мамандары көктемгі және күзгі маусымдарда аудан аумағында жүргізілетін дератизация және дезинсекция жұмыстарының өзекті мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ өткен жылдардағы талдау қорытындылары қарастырылып, 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне сәйкес жаңа ұсынымдар енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1171258?lang=kk

Жауап қалдыру