
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарағандыда джаз оркестрінің жаңа көктемгі бағдарламасымен мерекелік концерті өтеді. Музыкалық кеш 8 Наурызға арналып, көрермендерге әсем әуенге, шабыт пен көктемгі көңіл күйге толы әсер сыйлайды.
Концерт бағдарламасына көпшілікке жақсы таныс туындылармен қатар жаңа композициялар да енген. Көрермендер қазақстандық заманауи орындаушылардың әндерін, классикалық джаз шығармаларын, сондай-ақ кеңестік кезеңдегі танымал әндердің түпнұсқа джаздық өңдеудегі нұсқаларын тыңдай алады. Жалпы концерт барысында шамамен жиырмаға жуық музыкалық номер орындалады.
Кеш қонақтары алдында Қарағанды филармониясының солистері — Айдан Тұңғышбаев, Нұрболат Еренғаипов және Жанасыл Елубаев өнер көрсетеді. Дирижерлік пультте — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко. Кештің жүргізушісі — Людмила Гольская.
Концерт 5 наурыз күні сағат 18:30-да цирк ғимаратында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1170637?lang=kk

Жауап қалдыру