Қызылордада «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жобасы аясында кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда қаласында «Заң мен Тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жобасы аясында кезекті профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейде жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараға Қызылорда ОПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілдері полиция майоры Кыясов Асылбек және полиция капитаны Серікбай Назар қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг, сталкинг, бұзақылық, кәмелетке толмағандарға қатысты және оларға қарсы жасалатын қылмыстар, интернет-алаяқтық түрлері мен заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі жарқын болашақтың негізі екені ерекше атап өтілді.
Ашық форматта өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1170753?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді