
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің ұжымымен жаңа Ата Заң жобасына арналған кездесу өтті. Еркін форматта ұйымдастырылған жиын барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланып, оның ел дамуына ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Кездесуде қатысушылар жаңа Конституцияның адамға бағдарланған сипатына ерекше тоқталды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, заң үстемдігін күшейту мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру бағытындағы бастамалар да талқыланды.
Жиын барысында алдағы референдум – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды саяси науқан екені атап өтілді. Бұл тарихи шешім әрбір азаматтың белсенді ұстанымын талап ететіні айтылып, мұғалімдер қауымы ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси үдеріске қатысуға дайын екендерін білдірді.
Адам құқықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыру мәселелері жиынның негізгі өзегіне айналды.
Шара соңында ұжым мүшелері 15 наурызда өтетін референдумға қатысып, жаңа Ата Заңды қолдауға ниетті екендерін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1171475?lang=kk

Жауап қалдыру