Шортанды ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Шортанды кентінің аудандық Мәдениет үйінде «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау шаралары, еңбек даулары және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер берілді. Жекелеген өтініштер бойынша қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, құзыретті органдарға жүгіну тәртібін қоса алғанда, алдағы әрекеттер алгоритмі айқындалды.
Акцияны өткізудің басты мақсаты – құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын нығайту, сондай-ақ азаматтарды алаңдататын өзекті мәселелерді жедел шешу болды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1171302?lang=kk

Жауап қалдыру