ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аумақтар әуеден тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағында ШҚО ТЖД, «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының, Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясының, «Қазгидрометтің» мамандары қар көшкіні мен гидрологиялық жағдайды зерттеу мақсатында әуеден барлау жүргізді.

Барлау «Өскемен-Алтай ауданы – Үлкен Нарын ауданы – Катонқарағай ауданы – Өскемен» бағыты арқылы жүргізілді.

Зерттелетін аумақ толығымен қармен жабылған. Қар жамылғысының құрылымы тұрақты, жоталар мен беткейлерінде қардың шамалы үрлеу байқалады. Таулы жерлерде қар көшкінінің түскені анықталмайды. Бұқтырма өзенінде мұз жамылғысы сақталған, жағалауы бойында еру, орталық бөлігінде ойықтар байқалады.

Гидрологиялық жағдай тұрақты.

Дереккөз: ШҚО ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1170607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді