
«Шындық детекторы іс жүзінде»: ШҚО-ның болашақ психологтарына полициядағы полиграфолог қызметі туралы айтылды
Өскеменде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Психология» мамандығының студенттері мен түлектері ішкі істер органдары жүйесіндегі психолог-полиграфологтың қалай жұмыс істейтінін білді.
Арнайы және кәсіби даярлығы басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Дамир Бегешов қызметке қабылдану тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ол білікті психологтардың бүгінгі таңда ІІМ жүйесінде ерекше сұранысқа ие екенін атап өтті.
Инспектор-полиграфолог Альмира Ермұғамбетова кадрлық іріктеу мен қызметтік тексерулерде қолданылатын заманауи психофизиологиялық жабдық — полиграфпен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен бөлісті. Маманның пайымдауынша, полиграфолог аналитикалық ойлау қабілетіне, стреске төзімділікке ие болуы және этикалық стандарттарды қатаң сақтауы тиіс, себебі кадрлық шешімдердің сапасы мен бөліністердегі моральдық-психологиялық климат оның кәсібилігіне тікелей байланысты болады.
Кездесу психолог-полиграфолог мамандығының кәсіби білім мен адамдармен практикалық жұмысты ұштастыратынын, сондай-ақ ішкі істер органдары жүйесінде мансаптық өсу мен өзін-өзі танытуға кең мүмкіндіктер ашатынын көрсетті.
ШҚО ДП баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1170706?lang=kk

Жауап қалдыру