СЫРЫМ АУДАНЫНДА “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” ИДЕОЛОГИЯСЫ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 26 ақпан күні Сырым ауданы прокуратурасының “Заң және тәртіп” идеологиясы аясында маңызды жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы төрағалық етті. Шараға аудандық прокуратура қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, мектеп директорлары, дербес бөлімдер мен бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес алғашқы сөз кезегі аудан прокуратурасының прокуроры Темірғали Қайырбек Асылбекұлына беріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарының орындалуы бағытындағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.
Келесі кезекте аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Кужахметов Бақтығали Серғалиұлы баяндама жасап, мал ұрлығы мен интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Аталған бағыттар бойынша құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар атап өтілді.
Жиында мал ұрлығы фактілерінің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарымен бірлескен жұмысты күшейту, бейнебақылау жүйелерін орнату, малды есепке алу тәртібін қатаң сақтау мәселелері қозғалды. Сонымен қатар интернет алаяқтықтың түрлері, одан сақтану жолдары және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігі ерекше айтылды.
Жиын қорытындысында аудан прокуроры Камбетов Ершат Оңатұлы сөз сөйлеп, құқықбұзушылықтың алдын алу – барша мемлекеттік органдар мен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, нақты іс-шаралар жоспарын күшейту жөнінде келісімге келінді.
 
Құбаева Нұрайлым

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1171210?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді