
Бүгін аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес, ең көп дауыс жинаған Абдрашев Азамат Джамбуловичті ұжымына және ауыл тұрғындарына таныстырды.
Ауылдық округ әкімінің сайлауы нәтижесінде Абдрашев Азамат Джамбулович басым дауысқа ие болып, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Абдрашев Азамат Джамбулович 1989 жылы туған. Бұған дейін Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарған. Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылында тұрады. Кандидатурасын AMANAT партиясы ұсынды.
Жаңа әкімге алдағы қызметінде сәттілік, ел сенімін ақтайтын нәтижелі еңбек тілейміз!
Құбаева Нұрайлым

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1170692?lang=kk

Жауап қалдыру