
Түркістан музыкалық драма театры биылғы жылдың алғашқы гастрольдік сапарын Қызылорда қаласында бастап, жергілікті көрермен қауыммен мазмұнды әрі әсерлі кездесу өткізді.
Қазақ сахна өнерінің алтын қорына енген Саид Ахматтің «Келіндер көтерілісі» комедиясы Қызылорда төрінде сахналанып, көрерменнің зор ықыласына бөленді.
Астарлы әзіл мен өмір шындығын шебер ұштастырған қойылым театрсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпшіліктің жоғары бағасына ие болды.
Гастрольдік сапар аясында өнер ұжымын жылы қабылдап, шығармашылық еңбегіне құрмет көрсеткен Қызылорда қаласының көрермендеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Айта кетейік,театр ұжымы алдағы уақытта да ұлттық сахна өнерін насихаттау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1170720?lang=kk

Жауап қалдыру