
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ «ЭКОКУЛЬТУРА ЕВРАЗИЯ» ЖЫЛЫЖАЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫЗАНАҚТАРЫ НАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
📍Түркістан облысы Келес ауданындағы «Экокультура Евразия» жылыжай кешенінде қызанақ өсіріліп, алғашқы өнім Қазақстан нарығына жеткізілуде.
▪️Жоба бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып жатыр. Заманауи жылыжай кешендері импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандықтарды жыл бойы, маусым мен ауа райына қарамастан, сапалы әрі дәмді көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
▪️Қазіргі таңда кәсіпорында 150 адам жұмыс істейді. Жақын уақытта жаңа өндірістік блоктарды іске қосу және қызметкерлер санын кезең-кезеңімен 800 адамға дейін арттыру жоспарланған.
▪️Көкөніс өсірушілердің орташа ресми жалақысы қолға 320 000-350 000 теңгені құрайды. Барлық қызметкерлер ресми түрде жұмыспен қамтылған.
▪️Бұл жоба ішкі нарықтың тұрақтылығын арттыруға, заманауи жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанда қуатты агроиндустрияны қалыптастыруға үлес қосып жатыр.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысындағы жобаны іске асыруға 42 млрд теңге инвестиция салынуда. Еліміздегі ең үлкен жылыжайда жылына 25 000 тонна қызанақ өсірілмек. Жоба толық іске қосылғанда 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны «Қазақстанның Даму банкі» АҚ тарапынан қаржыландыру мақұлданған. 2023 жылы 23,5 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Жылыжай толық Нидерланд елінен алып келінген жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде кешеннің 40 гектар аумағында жылыжай блоктарының металл конструкциялары орнатылды. Сыртқы және ішкі желілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ғимараты, материалдық-өндірістік қоймалары, бақылау-өткізу пунктінің құрылысы жүргізілуде. Қазандық және төтенше жанар-жағармай қоймасының құрылысы аяқталды. 8 жылыжай блогы және техникалық дәліз орнатылуда. Оның 4 блогы мен техникалық дәлізі іске қосылды. Кешеннің ресми ашылуы биылғы көктемде өтеді деп жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__
ПЕРВЫЕ ТОМАТЫ КРУПНЕЙШЕГО В КАЗАХСТАНЕ ТЕПЛИЧНОГО КОМПЛЕКСА «ЭКОКУЛЬТУРА ЕВРАЗИЯ» В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЫШЛИ НА РЫНОК
▪️В Келесском районе Туркестанской области тепличный комплекс «Экокультура Евразия» начал поставку первого урожая томатов на внутренний рынок Казахстана.
▪️Проект реализуется строго по графику и вносит весомый вклад в продовольственную безопасность страны. Современные технологии тепличного хозяйства позволяют снизить зависимость от импорта, обеспечивая население качественными овощами круглый год, независимо от климатических условий.
▪️На текущий момент на предприятии создано 150 рабочих мест. В ближайшее время с открытием новых производственных блоков штат работников планируется расширить до 800 человек. Заработная плата овощеводов варьируется в пределах от 320 000 до 350 000 тенге «на руки».
▪️Реализация данного проекта направлена на укрепление продовольственной стабильности, создание современных рабочих мест и развитие агропромышленного потенциала страны.
▪️Общий объем вложений в проект составляет 42 млрд тенге. Ожидается производство 25 000 тонн томатов в год. Проект одобрен и поддерживается АО «Банк Развития Казахстана», в 2023 году было выделено 23,5 млрд тенге. Теплицы оснащены современным оборудованием из Нидерландов.
▪️На площади в 40 гектаров завершен монтаж металлоконструкций, проведены внутренние и внешние инженерные сети. Завершено строительство котельной и склада ГСМ. В процессе – возведение административно-бытового комплекса и складских помещений. На данный момент установлены 8 тепличных блоков, 4 из которых вместе с техническим коридором уже введены в эксплуатацию.
📌Официальное открытие комплекса запланировано на весну этого года.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1171436?lang=kk

Жауап қалдыру