
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Жеке қабылдау келген Сарапхана, Жаңабазар, Қазығұрт, Алтынтөбе, Қақпақ және Қарақозы Абдәлиев ауылы округтерінің тұрғындары үй кезегі, жол, көше жарығы, қоқыс полигондарының тазалығын ретке келтіру, әлеуметтік мәселелер секілді өзге де маңызды мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу үшін жауапты бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылдау соңында аудан әкімі берілген тапсырмалардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер тұрақты түрде назарда болатынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1171221?lang=kk

Жауап қалдыру