«Заң мен тәртіп» тақырыбында семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Кемеңгер шәкірт» жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына арналған «Заң мен тәртіп» тақырыбында семинар өтті.

Аталған шараның мақсаты-білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараға Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасы «Жастар ресурстық орталығының  Психологиялық көмек көрсету бөлімінің психологы Ү.Қоңрат, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық ПБ аға лейтенанты Б.Бекмырза, сондай-ақ Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы С.Бахтыяр қатысты.

Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық, көшеде жүру ережелері буллинг және сталкинг мәселелері қозғалып, аталған әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған нақты жауаптар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1170978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді