Зеренді ауданында «Алексеевское» каолин кен орны базасында тау-кен байыту комбинатының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаны жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында «Qazaq Kaolin» ЖШС-гі жүзеге асыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында каолинді қайта өңдеу саласындағы ірі жеке жобалардың бірі іске қосылуға дайындалуда

Зеренді ауданында «Алексеевское» каолин кен орны базасында тау-кен байыту комбинатының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаны жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында «Qazaq Kaolin» ЖШС-гі жүзеге асыруда.
Жоба жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылуда. Ол Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген және Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның Инвесторлар тізілімінде тіркелген.
Өндіріс немістің «AKW» компаниясының заманауи технологиясы негізінде ұйымдастырылады. Бұл технология экологиялық талаптарға сай және іс жүзінде қалдықсыз қайта өңдеу процесін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні жоғары технологиялық жабдықтар сатып алынып, орнатылған. Іске қосу-реттеу жұмыстары 2026 жылдың көктеміне жоспарланған, оған шетелдік мамандар қатысады.
Қазіргі уақытта негізгі өндірістік корпус, зертхана және техникалық бақылау бөлімі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Ішкі және сыртқы инженерлік желілерді, газбен жабдықтау жүйесін және автоматтандыру жұмыстарын монтаждау жалғасуда.
Жоба жүзеге асырылған уақыттан бері 120 мың тонна шикізат өндірілді. Сатып алулардағы қазақстандық үлес 96%-ды құрады. Қазіргі таңда 53 жұмыс орны ашылған, кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін олардың саны 90-ға дейін ұлғаяды.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында компания энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға 650 млн. теңге инвестиция салып, трансформаторлық қосалқы станция қуатын үш есеге арттырды. Бұл жақын маңдағы елді мекендерді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Кәсіпорынды техникалық іске қосу 2026 жылдың наурыз айының соңына жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1171455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді