Жасұлан Мукаманов ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 наурызда өтетін референдумның маңызын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мұқаншы ауылы тұрғындарымен арнайы кездесу өткіздік. Жаңа Конституцияның мәні мен мазмұнын жан-жақты түсіндіру, онда көзделген өзгерістерді және олардың қоғам өміріне тигізетін ықпалын ашып көрсету, сондай-ақ әрбір азаматтың саяси үдеріске белсенді қатысуының маңызын айқындау басты мақсат болды.
Кездесу барысында Жасулан Мукаманов референдум – ел болашағын айқындайтын маңызды демократиялық құрал екенін атап өтті. Ауыл тұрғындарына дауыс беру – тек құқық қана емес, әр азаматтың мемлекет тағдырына деген жауапкершілігінің көрінісі екені түсіндірді. Конституциялық бастамалардың әлеуметтік салаға, ауыл инфрақұрылымына, халықтың тұрмыс сапасына тигізер әсері кеңінен талқыланды.
Бұл кездесу – халықпен тікелей байланыс орнатып, елдік мәселелерді ашық талқылаудың айқын көрінісі болды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары азаматтардың саяси сауаттылығын арттырып қана қоймай, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екені анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-mukanshy/press/news/details/1171320?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді