«Зорлық – зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік – жауапкершілік пен корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы кезекті кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Орал политехникалық колледжінің студенттері арасында жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, еңбекте кемсітушіліктер бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды. Шараға оқу орнының оқытушылары мен студенттері, барлығы 40-тан аса адам қатысты.

Кездесуге Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Г. Рыскалиева қатысып, жұмыс жасайтын студенттерге олардың еңбек құқықтарының қорғалуы туралы, ҚР Еңбек кодексі бойынша оларға берілетін кепілдіктер, сондай-ақ еңбекте кемсітушілікке – моббингке жол бермеу тақырыптарында, БҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының үгіт-насихат тобының аға инспекторы – полиция капитаны Р.Кумаргалиев қатысып, жастар арасында некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыптарында, сондай-ақ Орал қалалық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің бөлім прокуроры Б.Туғанбай студенттер арасында сталкингтің салдары тақырыптарын бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында аталмыш тақырыптар бойынша видеороликтер көрсетіліп, студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді. #Qurmet

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1170674?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді