Алматыда ардагер ұстаздарға мерекелік концерт қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алғыс айту күніне орай Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға арналған “Алғыс айтар ұрпақ бар” атты мерекелік концерт өтті. Тағылымы мол, ұрпақ тәрбиесіне ғұмырын арнаған ұстаздарға құрмет көрсетуді мақсат еткен бұл кеш – рухани сабақтастық пен сыйластықтың жарқын көрінісіне айналды.

Іс-шараға 300-ден астам ардагер ұстаз арнайы шақырылып, оларға ерекше ілтипат пен құрмет көрсетілді. Салтанатты кеш барысында Білім басқармасының өкілдері қала басшылығының атынан ардагер педагогтерге жүрекжарды алғысын білдіріп, олардың ел болашағын тәрбиелеудегі ерен еңбегін ерекше атап өтті.

Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі әсерлі болды. Сахна төрінде өнерпаздар әсем ән шырқап, күмбірлеген күй орындап, би ұжымдары көркем қойылымдарын ұсынды. Әрбір өнер нөмірі ұстаздарға деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісіндей қабылданды. Кеш қонақтары көтеріңкі көңіл-күйде болып, жүрекке жылу сыйлаған сәттерге куә болды.

“Алғыс айтар ұрпақ бар” атты мерекелік кеш – өскелең ұрпақтың ұстаз еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы айрықша орнын айқындайтын тағылымды шара болды. Ардагер ұстаздардың ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі – ел дамуының берік негізі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Осындай тағылымды шаралар арқылы ұрпақ пен ұстаз арасындағы рухани байланыс нығайып, құрмет пен алғыс мәдениеті кеңінен насихаттала бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1171840?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді